Оңтүстік Корея билігі коронавирусқа қарсы вакцина алмаған туристер үшін карантиндік талаптарды алып тастамақ. Бұл туралы премьер-министр Хан Док Су пандемияға қатысты отырыста мәлімдеді.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяға барған туристер вакцинасы жоқ болса, 7 күнге карантинге алынатын еді. Маусымның 8-нен бастап бұл ереже күшін жояды. Ал республика аумағына кіру үшін ПТР-тестін тапсыру баршаға міндетті.
Сонымен бірге халықаралық ұшақ рейстеріне енгізілген авиациялық шектеулер де алынып тасталады. Шара билеттердің болмауы және бағаның өсуі сияқты қолайсыздықтарды болдырмау үшін қажет.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореяда вакцинасы жоқ туристер үшін карантин күші жойылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158808/)