Биыл сәуір-мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз айналымда жүрген, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруларды табу бойынша жедел-іздестіру шараларын өткізді.
Соның нәтижесінде барлығы 61 қару, 13 граната және 1170 оқ-дәрі тәркіленді. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақтар Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарынан табылған. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҰҚК Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тәркіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158813/)