Референдум: 11 мыңнан астам қазақстандық шет елдерде дауыс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум: 11 мыңнан астам қазақстандық шет елдерде дауыс береді

03.06.2022

Референдумда 11 300-ден астам қазақстандық шет мемлекеттерде дауыс береді. Науқан күні 52 елде 65 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Олардың 325 мүшесі қашықтан оқытылған. Арнаулы тестілеуден өткен.

Сыртқы істер министрілгі өкілдерінің айтуынша, егер Украинада қалып қойған Қазақстан азаматтары бар болса немесе сол жаққа саяхаттап барған отандастарымыз Варшава қаласына келіп, дауыс береді. Ертерек барып та таңдау жасауға болады. Дегенмен, Украинадағы барлық Қазақстан азаматтарын елге жеткізіп алдық деді ведомство өкілі.

Хабарламаларға жазылу