Ел аумағында 10 мыңнан астам референдум учаскесі құрылды. Олар 5 маусым күні әр елдімекеннің жергілікті уақыты бойынша таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Жалпы референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне 18-ге толған 12 миллионға жуық дауыс беруші тіркелген. Айта кетейік, Конституцияға өзгеріс енуі үшін референдумға қатысушылардың тең жартысы жақтап дауыс беруі керек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ел аумағында 10 мыңнан астам референдум учаскесі құрылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158832/)