Биыл сәуір-мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз айналымда жүрген, оның ішінде «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қаруларды табу бойынша жедел-іздестіру шараларын өткізді. Соның нәтижесінде барлығы 61 қару, 13 граната және 1170 оқ-дәрі тәркіленді. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақтар Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарынан табылған. Осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық қауіпсіздік комитеті: 61 қару, 13 граната және 1170 оқ-дәрі тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/158872/)