![Қарағандыда мереке күнінде жолаушыларды тегін тасымалдайтын автобустар жолға шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77456.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Конституция күніне орай, 29,30,31 тамыз күндері Қарағандыда жолаушыларды тегін тасымалдайтын 3 автобус жолға шығады.
Мерекелік рейстер таңғы сағат 8.00-ден бастап, кешкі 19.00-ге дейін қатынайды. Сонымен қатар, автобус жолаушыларына сыйлықтар таратылмақ.
Бұған қоса, қаланың 80 жылдығы мен Шахтерлер күні мерекесіне 30 тамызда «Шахтер» стадионында отандық және шетелдік әншілердің қатысуымен театрландырылған 3D-қойылым көрсетіледі.
Олардың арасында Нұрлан Абдуллин, «Мюзикола» дуэті, «The Jigits», италиялық «Рикки и Повери» тобы бар.
nv.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда мереке күнінде жолаушыларды тегін тасымалдайтын автобустар жолға шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15891/)