Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша ел тұрғындарының 60 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан. Бұл дегеніміз 7 миллионнан аса азамат референдумда таңдауын жасады деген сөз. Учаскелер кешкі 8-ге дейін жұмыс істейтінін ескерсек, таңдау жасайтындар мұнымен тоқтамайтын сияқты.
Қазір қолдағы дерек, дауыс беруде белсенділік танытқан облыстар мынадай: Қарағанды (68,69%) және Қостанай (69,12%) облыстары. Ал Қызылорда облысы тұрғындарының 72,26% даус беріп үлгеріп, тізімнің басында тұр.
Ал ірі мегаполистердің белсенділігіне келсек:
Осы уақытқа дейін Нұрсұлтан қаласының 48,40% тұрғындары таңдау жасаған.
Алматылықтардың 26%-ға жуығы дауыс беруге қатысқан.
Шымкент қаласының көрсеткішісі 63,34%.
Нұрбек Бекбау
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша ел тұрғындарының 60 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159038/)