Еліміз саясаттағы әйелдер рейтингінде 193 мемлекеттің арасында 104-орында тұр. Референдум онлайн марафонында гендерлік теңдік тақырыбы қызу талқыға түсті. Елімізде мемлекеттік қызметтегі әйелдер 55 пайызға жеткен. Алайда қыз-келіншектер биліктің орташа немесе төменгі буынында шоғырланған. Үлкен саясатта әйелдер саны аз. Мәселен еліміздегі министр қызметін атқаратын әйелдер үлесі – 10% , Парламенттің қос палатасында – 24%, жергілікті атқарушы органдарда – 22% ғана.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміз саясаттағы әйелдер рейтингінде 193 мемлекеттің арасында 104-орында тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159041/)