«Қоғамдық пікір» институтының мамандары референдумға байланысты Шымкенттегі дауыс берушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуде. Дауыс беру учаскелерінің шыға берісінде азаматтардың пікірін жинап жүрген өкілдер таңғы сағат 7-ден бері бірнеше лекпен сауалнама жүргізуді жоспарлаған. Мегаполис бойынша дауыс беріп шыққан мыңдаған азаматпен пікірлесіп жүр. Сауалнаманың нақты нәтижесі 6 маусым күні белгілі болады.
Ақмарал Байбосынова, «Қоғамдық пікір» институтының сұхбатшысы:
Бүгінгі біздің сайлаушылардың жауаптары құпия болып саналады. Біз оған ононимді кепілдік береміз. Және олардың жауаптары жиынтық түрінде сақталады. Келіп жатқан сайлаушылардың саны көп. Олардың арасында қарттары да, жастары да бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкенттегі дауыс берушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159048/)