Шет мемлекеттердегі 65 учаскеде дауыс беру 73%-ке жуық. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. «Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 6-да Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавада дауыс беруге арналған учаскелер жабылды. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шетелдерде өткен жалпыұлттық референдум аяқталды»,-делінген министрлік хабарламасында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шетелдегі қазақстандықтардың 72,95% дауыс берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159153/)