![Өскеменде мерекелік шеруге 8 мыңға жуық адам қатысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77470.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Конституция күнін Шығыс Қазақстан облысында кең көлемде тойланып жатыр. Ең негізгі мәдени шаралар аймақтың бас шаһары - Өскеменнің орталық алаңында ұйымдастырылған. Осыдан бірер сағат бұрын қала тұрғындары және қонақтар бұл жерде мерекелік шеруді тамашалады.
Мерекелік шеруге 8 мыңға жуық адам қатысты. Қаладағы этономәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары мен 60-тан астам әртүрлі мекеме және кәсіпорын ұжымдары қала көшелерімен сәл-салтанатпен жүріп өтіп, орталық алаңға жиналды.
Дәл бүгін Өскеменде Конституция күніне орайластырып халықаралық деңгейдегі 3 шара өтуде. Атап айтқанда, Маралшылардың 6-ші дүниежүзілік конгрессі, 5-ші Халықаралық бал фестивалі және Өскеменмен бауырлас қалалардың фестивалі. Осы шараларға қатысу үшін облысқа алыс және жақын шетелдерден көптеген мейман келген.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде мерекелік шеруге 8 мыңға жуық адам қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15918/)