Нигерияның Ово штатында шіркеуге жасалған шабуыл құрбандарының саны 50-ге жетті, ал 39 адам ауруханада жатыр. Олардың 13-і - бала.
Қастандық діни мерекені тойлау кезінде жасалды. Қаруланған бірнеше ер адам шіркеуге баса-көктеп кіріп, оқ атқан. Кейін шіркеу басшысы мен бірнеше қызметкерді тұтқынға алып, іздерін суытқан. Қаскөйлер неліктен қантөгіске барғаны және олардың радикалдық топтарға қатысы бар-жоғы белгісіз.
Болған оқиғаға байланысты Нигерияда үш күн қаралы деп жарияланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нигерияда шіркеудегі атыстан кейін қаралы күн жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159228/)