Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Бас банкир Президентке биыл қаңтар-мамыр айларында жүзеге асқан ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысын баяндады. Сондай-ақ сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам мен оның бүгінгі жайы туралы мәлімет берді. Кездесуде алтын-валюта резервтерінің жай-күйі де сөз болды. Мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159262/)