Ақтауда ТіkТоk түсіріп жүрген студенттердің бірі теңізге батып кетті. Қайғылы оқиға кеше кешке Самал-2 шағын ауданындағы жағалауда болған. Суға кеткен бозбала 2004 жылғы, Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тұрғыны. Маңғыстау өнер колледжінің 1 курс студенті. Ақтау қаласында жатақханада тұрады. Теңізге бірге оқитын достарымен барған. Құтқарушылардың хабарлауынша, студент «Тик Токқа» бейнежазба түсіру кезінде теңізге батып кеткен. Сүңгуірлер бозбаланың денесін әлі тапқан жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ТіkTоk түсіріп жүрген студент теңізге батып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159283/)