![Көкшетауда Ата Заңымызға арналған мерекелік шаралар өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77476.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін, Көкше жерінде қос мереке аталып өтуде. Ата Заңымызды ардақтаған бұл күнге Көкшетау қаласының 190 жылдығы тұспа-тұс келді. Сондықтан, көкшеліктер мұндай үлкен қуанышты барынша сән-салтанатпен, есте қаларлықтай тойлау үстінде.
Орталық алаңға келген көпшілік Ақмола облысындағы үздік өнімдердің көрмесін тамашалады. Ал, орталық саябақта қолөнер шеберлері өз туындыларын жиналғандарға паш етті.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда Ата Заңымызға арналған мерекелік шаралар өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15930/)