Ақтауда теңіз жағасында ТіkTok түсіріп жүріп, суға батып кеткен студенттің денесі табылды.
Қайғылы оқиға кеше кешке Самал-2 шағын ауданындағы жағалауда болған. Суға кеткен бозбала 2004 жылғы, Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тұрғыны. Маңғыстау өнер колледжінің 1 курс студенті. Ақтау қаласында жатақханада тұрады. Теңізге бірге оқитын достарымен барған.
Құтқарушылардың хабарлауынша, студент ТіkTok-қа бейнежазба түсіру кезінде теңізге батып кеткен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда ТіkTok түсіріп жүріп суға кеткен студенттің денесі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159310/)