Жалған мемлекеттік нөмір таққандар, жүргізуші куәлігінен айырылады. Бірнеше қайтара нөмірсіз жүргендер де 1 жылға дейін көлік басқару құжатынсыз қалады. Жазаға тарту мұнымен шектелмейді. Аталған санаттар бойынша қолға түскендер 5 тәулікке қамалады. Мәжіліс әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстегі түзетулерді мақұлдады. Былтыр сондай жүгенсіз жүргізушілерге қатысты 1 мың 200-ге жуық дерек тіркелді. Ал жыл басынан бері 650-ден астам жағдай анықталған.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жалған нөмір таққандар жүргізуші куәлігінен айырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159339/)