Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде заң бұзғандар жазаға тартылды. Бұл жолы Тараз қалалық №2 соты бірден 13 адамға үкім шығарды. Қаңтардың 5-нен 6-сына қараған түні топтасқан қала тұрғындары қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлап, облыстық Полиция департаментіне заңсыз кірген.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкердің кеңсесін басып алып, бұзақылық жасаған. Салдарынан тәртіп сақшылары зардап шегіп, ғимараттар қирап, мемлекетке материалдық шығын келді. Сот екі айыпталушыны 4 жылға, қалған 11 адамды 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда Қаңтар оқиғасына қатысқан 13 адамға үкім шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159355/)