Алматыда 78 адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бір жарым жыл ішінде 66 қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданған. Мас күйінде көлік тізгіндегендерді 1 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр.
Ұсталған жүргізушілер арасында қылмысын бірнеше мәрте қайталғандар да бар.
Еске салсақ, жуырда ғана жергілікті полиция қызметі 4 күндік рейд кезінде мас күйінде көлік айдаған 21 азаматты ұстаған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда 78 адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159363/)