Маймыл шешегі әлемнің 29 еліне тарап, мыңнан астам адамнан анықталды. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Халықаралық органның ақпаратына қарағанда вирусқа шалдыққандардың саны әлі де өсуі мүмкін.
Еске салайық, маймыл шешегіне шалдығу оқиғасы алғаш рет Британияда мамырдың 7-сінде тіркелді. Вирус Нигерияға барып келген азаматтан анықталған. Денсаулық сақтау мамандарының мәліметінше, маймыл шешегі жеңіл өтеді, әрі науқастар індеттен бірнеше апта ішінде айығып шығады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маймыл шешегі әлемнің 29 еліне тарап, мыңнан астам адамнан анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159377/)