Жаңа институт: Конституциялық сот келесі жылы құрылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа институт: Конституциялық сот келесі жылы құрылуы мүмкін

09.06.2022

Елімізде Конституциялық сот келер жылдың басында құрылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді. Министрлік аталған бақылаушы орган туралы конституциялық заңның тұжырымдамасын ведомствоаралық комиссияның талқылауына шығарғалы жатыр. Одан кейін заң жобасы әзірленеді. Ғылыми және экономикалық сараптамалардан өткізу жұмыстары бар. Кешенді іс-шаралар дайын болғаннан кейін заң жобасын Мәжілістің қарауына тамыз айының соңында ұсыну жоспарланған.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет министрінің орынбасары:

«Депутаттық корпус осыны қалай қабылдағаннан бастап, ол жақта да переходной периодтар керек. Сондықтан осы жылдың аяғы, я болмаса келесі жылдың жартыжылдығында құралады деген көзқарас бар». 

Брифингте вице-министр Парламенттің қазіргі шақырылымы таратылмайтынын айтты. Парламент палаталарын құрудың референдум арқылы мақұлданған жаңа ережесі, 8-ші шақырылымның Мәжіліс депуттаттарын сайлаудан бастап қолданылады. Яғни, қазіргі 7-ші шақырылымның құрамы таратылмайды. "Депутаттар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғына дейін өз қызметін жалғастырады", - деді вице-министр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу