Мемлекет басшысы шикізат тауарларының саудасы бойынша әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Glencore» компаниясының бас директорын қабылдады. Гэри Нейгл Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысына қатысу үшін келген.
Кездесуде ол «Glencore» компаниясының Қазақстандағы жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспары туралы айтты. Экономиканы көміртегінен арылту, компанияның тау-кен-металлургия және энергетика салаларындағы жұмысының жекелеген аспектілері де талқыланды. Президент экологиялық нормаларды сақтау мен өндіріске озық технологияларды енгізудің маңызды екеніне баса мән берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент қабылдауында экономиканы көміртегінен арылту мәселелері талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159439/)