Солтүстік Қазақстанда жол апатынан көлік өртеніп, 5 адам жарақат алды. Оқиға Тайынша ауданында тіркелді. 22 жастағы жігіт тізгінге ие бола алмай, көлік аударылған. Жүргізуші мен 4 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Жақында Аққайың ауданында жол-көлік оқиғасы болып, 28 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Жыл басынан бері өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 26 көлік апаты тіркелді.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанда көлік өртеніп, 5 адам жарақат алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159442/)