10 облыс пен екі қалада «Стелс-Омикрон» штамы анықталды. Сәуір-мамырда жүргізілген ПТР тексерістің нәтижелеріне сәйкес коронавирустың бірнеше штамы тіркелген. Оның қатарында індеттің жылдам жұғатын «Омикрон» мен «Delta» түрлері бар.
Ал «Стелс-Омикрон» Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Бұл тізімде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары да бар. Жалпы, ел аумағында эпид ахуал тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігі індетке қарсы уақтылы вакцинация, ревакцинациядан өтуге кеңес береді. Бүгінде екпенің үш түрі қолжетімді - Pfizer, «Синофарм» және «QazVac».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Стелс-омикрон»: 10 облыс пен екі қалада анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159460/)