Мемлекет басшысы бүгін Мәжіліс төрағасын қабылдады. Ерлан Қошанов конституциялық реформаларды одан әрі жүзеге асыру мен алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады. Мәжіліс спикері сондай-ақ депутаттар мен «Amanat» партиясының мүшелері референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында, азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты. Үкіметпен бірлесе отырып, барлық ұсыныстар мен көтерген мәселелердің пысықталатыны және заң шығару жұмысы кезінде ескерілетіні де айтылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы бүгін Мәжіліс төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159494/)