![Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ҚР Конституциясы күніне орай велошеру өткізді (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77491.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
30 тамыз күні Шымкент қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай бұқаралық велошеру өткізді.
Шымкент дендросаябағынан бастау алған шараға 200-ден астам адам қатысты. Оның ішінде қалалық әкімдік, Денешынықтыру және спорт істері жөніндегі басқарма, спорт мектептері мен №2 велоспорт мектебінің өкілдері, сондай-ақ, футболшылар, палуандар, боксшылар және Оңтүстік Қазақстан облысының гимнастшылары бар.
Қашықтығы 7 шақырымнан тұрған велошерудің мәре сызығы Ордабасы алаңында болды. Барлық қатысушы мәреге жеткенде ҚР Әнұранын шырқады. Одан кейін шараны ұйымдастырушылар өкілі Рауан Берікұлы Қазақстанның Велоқауымдастығы атынан барлық қазақстандықды мерекемен құттықтады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ҚР Конституциясы күніне орай велошеру өткізді (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15959/)