Қаңтарда қолды болған қаруларды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып келеді. Полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ дәрілердің бір бөлігін Тараз қаласы орталық көшелердің біріндегі гараждың артынан тапты. Атап айтсақ, «ПМ», револьвер тапаншалары, мылтық және жарық-шу гранатасы мен 2 000 данадан астам патрондар табылған. Бұдан бөлек 5 маусым күні облыста тағы бірнеше қару мен түрлі патрон табылды. Қазір оларға қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында тағы да қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159629/)