Елімізде тұрақты түрде қан тапсыратын 2 мыңнан астам адам бар. 100-ге жуық азамат «Қазақстанның құрметті доноры» атағына ие. Бұл туралы бүгінгі дүниежүзілік донорлар күніне орай елордада өткен брифингте айтылды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі медициналық ұйымдар қанмен және оның компоненттерімен 100% қамтылған. Жыл сайын 80 мыңға жуық науқасқа қан құйылады. Қан орталықтарында заманауи құрал-жабдықтар толық бар. Бастысы донорлық қанды өңдеудің жаңа технологиялары қолданылады.
Батырхан Сарымсақов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы:
ТМД елдерінде Қазақстан бірінші рет қан донорларына екі кезеңдік скринингті енгізді. Бұл қанның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ инфекциялық ауруларды анықтауға көмектеседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде қан тапсыратын 2 мыңнан астам адам бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159656/)