Валюта бағамы мынадай. Бүгін қор биржасындағы саудада доллар сәл арзандады. Қазір АҚШ ақшасы 436 теңге, еуро 460, ал рубль 7 теңге 60 тиын тұрады. Ал валюта айырбастау орындарында доллар 435-436 теңгеден сатылып жатыр. Ұлттық банк төрағасы қаржы нарығындағы жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан өткен айда теңге 7 пайызға нығайған дейді. Бұған мұнай мен газ бағасының өсуі әсер етіп отыр. Әрі шетел валютасына сұраныс едәуір азайған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін қор биржасындағы саудада доллар сәл арзандады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159672/)