Ақмола облысында 6 және 9 жастағы екі бала суға батып кетті.
Қайғылы оқиға Первомайка ауылы маңында, Есіл өзенінде болған. Суға шомылуға барған үш баланың жанында ересектер болмапты. Көмекке шақырған – сол үшіншісі. Ұлдардың әкесі жұмыста, ал анасы үйде болған. Екі жеткіншектің денесін жергілікті тұрғындар мен сүңгуірлер алып шықты.
Қайрат Қасым, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
6 жасар баланың денесін көп ұзамай жергілікті тұрғындар алып шыққан. Оны өзен ағыны 300 метр қашықтыққа алып кеткен. Ал екінші баланы 3 метр тереңдікте сүңгуірлер тобы тапты.
Аймақта бір күн бұрын 12 жастағы қыз бала суға кеткен еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында екі бала суға кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159782/)