АҚШ-тың Орталық банкі пайыздық үстемені бірден 0,75 пайызға көтерді. Бұл – 1994 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Қаржылық ұйым төрағасы Жером Пауэллдің мәлімдеуінше, несиені қымбаттату туралы шешім шарықтап бара жатқан инфляцияны тежеу үшін қажет болып отыр. Қаржыгердің сөзінше, алдағы мақсат – инфляцияны 2 пайызға дейін түсіру. Айта кетсек, мамырда Құрама Штаттарда инфляция деңгейі 8,6 пайызға дейін өсіп, соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке дейін көтерілген еді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың Орталық банкі пайыздық үстемені бірден 0,75 пайызға көтерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159815/)