Қытайдың оңтүстік бөліктерінде нөсер жауын жауып, алапат тасқын жүрді.
Кейбір аудандарды лай көшкіні жүріп, жолдар жабылған. Фуцзянь провинциясында 63 мың тұрғын эвакуацияланды. Балабақшалар мен мектептер уақытша жұмысын тоқтатты.
Ауа-райын бақылаушылардың болжамынша, өңірде күшті нөсер келесі аптаға дейін тоқтамауы мүмкін. Жағдайды бақылауда ұстау үшін үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Олар су тасқынын болдырмау үшін шаралар қабылдап жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайдағы нөсер жауын келесі аптаға дейін жалғасуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159841/)