![Қызылордада еліміздегі драма театрлардың 22-ші фестивалі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77508.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шара «Театрдың анасы», «Қазақ өнерінің ақ желкені» атанған Сәбира Майқанованың туғанына 100 жыл толуына орайластырылды.
Қазақ әйелдерінің галереясын сомдап, түрлі жанрда жарқырап көрінген талант иесінің құрметіне арналған фестивальге республиканың 9 театры қатысуда.
Төрт күнге созылатын шара барысында өнерсүйер қауым «Асауға тұсау» комедиясын, «Бақ іздеген бейбақтар», «Ана-Жер Ана» тағы да басқа классикалық және қазіргі заман авторларының қойылымдарын тамашалайды.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада еліміздегі драма театрлардың 22-ші фестивалі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15992/)