Абай облысында автобус аударылып, 15 адам зардап шекті.
«Алакөл-Семей» бағытында қатынайтын автобус Жарма ауданының тұсындағы жолда аударылған. 56 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Ол ауруханаға жатқызылды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай облысында автобус аударылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/159970/)