![Айтыскер Қонысбай Әбілдің шығармашылық кеші өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77512.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Айтыс өнерінің ақтаңгері Қонысбай Әбіл Астанада шығармашылық кеш берді. Осы уақытқа дейін жазған жырлары мен әндерін елордалықтардың назарына ұсынды. Концерттік бағдарламадан бөлек, кеште айтыскердің «Әй-әй» ақын әлдиі» атты кітабы көрерменге жол тартты.
Әуелеген әнімен халық арасында «Әй-әй» ақын атанған Қонысбай Әбілді айтыссүйер қауым жақсы таниды. Айтыскер ғана емес, жұрт Қонысбай - қаламгер, Қонысбай - композитор деп өнеріне тамсанады. Сондықтан болар, айтыстың ақтаңгері Астанада концерт беретінін естігенде елордалықтар түгіл, ақынның туған жері Торғайдан ат арылтып келгендер аз болмады.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Айтыскер Қонысбай Әбілдің шығармашылық кеші өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15999/)