Қаңтар оқиғасында қолды болған қару табылды.
Жедел іздестіру барысында Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол ұңғымалы FAIR мылтығын үйінің қабырғасына жасырып қойған.
Тергеу барысында күдікті мылтықты Алматыдағы қару-жарақ сататын дүкендердің бірінен алып кеткені анықталды. Сондай-ақ оның тек қару емес, ұялы телефон сататын дүкендерді де тонағаны белгілі болды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаңтар оқиғасы: қару ұрлаған 23 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160068/)