Қызылорда облысы, Шиелі ауданында жасырын қарасора өсірген тұрғын ұсталды.
Бұл - бір аптаның ішінде табылған екінші есірткі алқабы.
34 жастағы Қызылордалық тұрғын қалың сексеуілдің арасына 1665 түп сора егіп, күтіп-баптаған. Бірақ, оны толық жиып үлгермей полицияның құрығына түсті. Тінту кезінде күдіктіден 8 келіден аса қарасора мен 1 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді. Сондай-ақ, су айдайтын қондырғы мен басқа да айғақ заттар табылды.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада қарасора өсірген тұрғын ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160079/)