Ауғанстанның шығысында қуаты 6,1 баллдық жер сілкінісінен кемінде 200-ге жуық адам қаза тапты. Мұны бүгін осы елдің Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.
Құрбандардың көбі – Пактика провинциясының тұрғындары. Бұнда 100 адам өліп, 250-і жараланды. Мерт болғандар Нангархар, Хост провинцияларында да тіркелді.
Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, жан тәсілім еткендердің нақты саны анықталып жатыр.
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, зілзала ошағы Пәкістан шекарасы маңында 51 метр тереңдікте анықталды. Жер дүмпуі Ауғанстанда, Пәкістанда, Үндістанда 119 миллион адамға сезілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауғанстанда жер сілкінісіне 200-ден астам адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160080/)