Елімізде жұмыртқа өндірушілерді қолдау артады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша құс фабрикалар 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады. Өйткені шаруаларды қолдауға бөлінетін қаржы көлемі 33 процентке артып, 6 млрд 500 млн теңгеге жетті. Ал былтыр бұл үшін 4 млрд 300 млн теңге жұмсалған еді. Айта кетейін елімізде құс саны 4, ал жұмыртқа өндірісі көлемі 12 процентке артты. Қазір ішкі нарық жұмыртқамен 100 пайыз қамтылған.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде жұмыртқа өндірушілерді қолдау артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160116/)