Қызметтегі негізгі қағидат – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік пен ашықтық болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаған Президент Твиттердегі парақшасында осылай деп жазды.
Сонымен бірге жаңа Қазақстан құру ісінде бұл мамандарға ерекше міндет жүктелгенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру екенін еске салды. Сала мамандарына «ел үмітін толық ақтайсыздар» деп сенім білдірді.
Мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешімді 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160153/)