Биыл Қазақстаннан 4 000 адам қажылыққа барады. Оның алғашқы легі Сауд Арабиясына 28 маусымда аттанбақ.
Қасиетті мекенге сапарлаушылар саны биыл 1 000-ға көбейді. Десе де әдетте жыл сайын 2-3 миллион адам шақыратын Сауд Арабиясы биыл 1 миллионнан астам адам қабылдамақ.
Парызын өтеушілердің жасы 65-тен аспауы тиіс. Яғни 1957 жылы 1 шілдеден кейін дүниеге келгендердің баруына мүмкіндігі бар. Жолаушылар ковид тестілеуінің «теріс» нәтижесін көрсетуге міндетті. Бұдан бөлек, менингококк инфекциясына қарсы екпе салдыруы тиіс.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл 4 000 қазақстандық қажылыққа барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160221/)