Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілін қабылдады. Президент ұйымның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Матео Мекаччиге жаңа Қазақстанды құруға бағытталған реформалар туралы айтты.
Сондай-ақ, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен бюро арасындағы меморандумды қолдайтынын жеткізді. Ал Матео Мекаччи елдегі өзгерістерге оң көзқарас білдіріп, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды серіктесі екенін атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ өкілімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160244/)