Ақмола облысында жел 3 мектептің шатырын ұшырып кетті.
Оқиға демалыс күндері Біржан сал және Бұланды аудандарында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, білім ордаларынан бөлек, 38 жеке тұрғын үйлердің шатырлары зақымданған. Бірқатар елді-мекендерде электр бағандары құлады.
Қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп, шығындар есептеліп жатыр. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында жел үш мектептің шатырын ұшырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160332/)