Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31 шақырымында болды. Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson маркалы автокөліктер бір-бірімен соғысқан. Салдарынан Hyundai Tucson-ның 1985 жылы туған жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Ал, екінші көліктегі адамдар аман қалды. Олар түрлі дене жарақатын алған. Облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160366/)