Синоптиктер бүгін елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялап, +41 градусқа дейін аптап ыстық болатынын хабарлайды.
Болжам бойынша, Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмін. Таулы аймақтарда жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Петропавлда, Батыс Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды. Қызылорда облысы +41°С қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Мұндай болжам Қарағанды және Ұлытау облыстарына да тиесілі.
Сондай-ақ «Қазгидромет» мамандары шілдеде республиканың үш өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін, дейді. Статистикалық болжамға сәйкес, тек Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы мен Қызылорда облысының Қармақшы, Қазалы аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтілуде. Бұл айдың алғашқы онкүндігінде сақталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шілдеде республиканың үш өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160392/)