Алматы облысында мұнаралы кран газ құбырының үстіне құлады. Салдарынан жол бойындағы көлік қозғалысы тоқтап қалды. Сондай-ақ, апаттан маңайдағы көліктерге зақым келді.
Оқиға Алматы облысындағы Жібек жолы ауылында болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бірақ жолаушылар айналаға газ иісі қатты тарап жатқанын айтады.
Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында мұнаралы кран газ құбырының үстіне құлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160416/)