Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 миллион теңгеге салынған сапасыз асфальт сүріліп, қайта төселді.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесінің мамандары облыс жолдарына 170-ке жуық тексеру жүргізіп, ішінара алынған 508 сынама зертханалық зерделеуден өткен. Нәтижесінде, 63 жол құрылыс материалы нормативтік талаптарға сай болмай шықты. Ал аспаптық тексеру барысында, 200-ден аса ақау анықталған. Бүгінде мердігерлер мен тапсырыс берушілерге ескертпе хаттамалар жолданып, кемшіліктерді түзету бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Ержан Усманов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ бөлім басшысы:
Жалпы біраз кемшілік анықталды. Мысалы, жолдың қалыңдығы және алынған асфальт сынамаларының талапқа сай келмеуі. Және жолға салынған асфальт бетон жамылғыларында құрылыс нормаларының сақталмауы, оның ішінде тығыздық коэфиценттері бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында 20 млн теңгенің сапасыз асфальті сүрілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160420/)