Канада полициясы банктердің біріндегі атыста қарсылық көрсеткен екі қарулы ер адамды атып тастады. Саанич қаласында болған оқиға кезінде 6 тәртіп сақшысы жараланған. Күдіктілердің көлігінен жарылғыш зат табылды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, полиция осы оқиғаға қатысы бар үшінші күдіктіні іздестіріп жатыр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Канадада полициямен атыста қаруланған екі ер адам мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160447/)