Жыл басынан бері елімізде жол апатынан 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуығы түрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеп, көпшілікке үндеу жасады. Тәулік сайын елімізде жол апатынан 10-нан аса адам қаза тауып, 70-ке жуығы түрлі жарақат алады екен. Зардап шегушілердің басым бөлігі балалар мен 40 жасқа дейінгі азаматтар. Жол көлік оқиғасының басты себептері-жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығып кету және жүргіншілер жолын байқамау, дейді құзырлы министрлік. Азаматтарға жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
Атығай Арыстанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
Мәселен, тыйым салынған жерден жүгіріп өтудің өзі сізге оңай болып көрінгенімен, оның зардабы қайғылы. Жылдамдық режимін сақтамау – отбасы үшін қатерлі. Сондықтан жылдамдық режимін, автокөліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау өте маңызды. Бұл апаттың алдын алуға көмектеседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде жол апатынан 700 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160533/)