Қарағанды облысы, Нұра ауданында жантүршігерлік жол апатынан екі жүргізуші тілге келместен, жан тапсырды.
Тағы 8 жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Оның 7-еуі бала. Барлығы жақын маңдағы елді мекендегі ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы жағдай «Жараспай-Нұра» трассасында болған. «Хонда Одиссей» мен «Фольксваген гольф» автокөліктері қатты жылдамдықпен бетпе-бет кеп соқтығысқан. Полиция «Хонда» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған» деп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, жүргізушілері қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160547/)